Алматы қаласында 11 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің басшысы Мұхтар Қожаев 2025 жылғы тергеу жұмыстарының қорытындысын жариялау барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл Алматыда тергеушілердің кәсіби шеберлігінің арқасында 11 жыл бұрын жасалған ауыр қылмыс әшкереленген.
Мәселе зейнеткер әйелдің өлімі туралы болып отыр. Тергеу қайта жанданып, айғақтар жан-жақты талданып, куәгерлерден қайта жауап алынғаннан кейін қылмыстың беті ашылған.
Дұрыс тергеу тактикасы мен нақты қойылған сұрақтардың нәтижесінде марқұмның өз қызы пайдакүнемдік ниетпен қылмыс жасағаны анықталған.
Айта кетейік, 2025 жылдың күзінде Алматыда ұлы анасын өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы да ақпарат тараған болатын.