Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Конституциялық заңының жобасын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, конституциялық заңның жобасы тиімді қалалық басқару жүйесін құруға, цифрлық және инновациялық технологияларды енгізуге, заманауи халықаралық стандарттарды қолдануға, сондай-ақ қала құрылысын, әлеуметтік, экологиялық және инвестициялық процестерді реттеуге бағытталған.

"Сонымен қатар конституциялық заң жобасы арнайы экономикалық аймақты дамытуға, инфрақұрылымды нығайтуға және тұрақты инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Конституциялық заң жобасын қабылдау кешенді әлеуметтік-экономикалық және құқықтық тұрғыда оң әсер береді", — делінген ҰЭМ мәлімдемесінде.

Министрлік барлық мүдделі тарапты заң жобасының талқысына қатысуға шақырады.

Заңды қоғамдық талқылау 2026 жылдың 15 қаңтарына дейін жалғасады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз