Танымал актриса Жазира Еркін тұрмыс құрмағаны үшін қоғамнан қысым көріп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол “Айтарым бар” подкастына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, ол өзінің тарапына болатын аяушылық көзқарастардан шаршаған.

”Қысым, ол — менің қазіргі қоғамдық статусым. Мен тұрмыста емеспін. Бірақ, маған бір жерім кем адам сияқты қарайды. Мен шаршадым. Отырыстарда маған “Сен әлі не істемедің ба? Жоқ па ешкім, бопты енді. Бірдеңесі болар”, деп мен қалып бара жатқандай айтады. Ол нәрсе өспес үшін мен өзімде басқа нәрсені өсіруім керек. Мен жан-жақты болуға тырысамын. Мен жәй отыра алмаймын. Өйткені мен отырсам, жаңағы ойлар мені жеп қояды. Мен психологиялық тұрғыда ондай ауыртпашылықты көтере алмаймын. Мен өзімнің хоббиларыммен өмірімді безендіремін. Өйткені, ол — менің өмірім ғой. Енді қашан? Қартайғанда ма әлде қоғам менің түбіме жеткенде ме? Олай болмайды ғой. Мен өзіме қамқорлық жасау мақсатында сондай нәрселермен айналысамын”, — дейді ол.

Жазира Еркіннің өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары оны бірауыздан қолдауда.

“Бақытты күйеуден емес, адам өзінің ішінен іздеу керек”, “Мен тұрмысқа 33 жасымда шықтым. Кеш емес. Ешкімді тыңдамаңыз, қоғамның қысымына бой алдырмаңыз”, “Ажырасып келсең, мүгедек сияқты қарайды. Әдепсіз адамдар таусылған ба, мән берме, өмірден ләззәт ал”, — деп жазды олар.