Танымал Sofascore порталы 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен Қазақстан футболшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Үздіктер тізімін Нұралы Әліп бастап тұр. Ресей чемпионатындағы Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында өнер көрсетіп жүрген қандасымыз әр ойын барысында орта есепен 7,35 ұпай жиған екен.

Темірлан Анарбеков Еуропаға кете ме? Қазақ қақпашысының қай лигада ойнағаны жөн?

Сонымен қатар, Ғалымжан Кенжебек («Елімай», 7,21 ұпай), Мұхаммеджан Сейсен («Астана», 7,18 ұпай), Әлібек Қасым («Ақтөбе», 7,14 ұпай ), Максим Самородов («Ахмат», 7,01 ұпай), Бағдат Қайыров («Ақтөбе», 6,98 ұпай), Дінмұхаммед Караман («Жеңіс», 6,93 ұпай), Георгий Жуков («Ақтөбе», 6,87 ұпай ), Ян Вороговский («Астана», 6,78 ұпай) және Рамазан Оразов («Ақтөбе», 6,70 ұпай) сынды ойыншылар ТОП-10-дықтың қатарына енді.