Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.

Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.

Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.