Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова марқұм әкесіне арнап әсерлі жазба қалдырды. Ол әкесіне деген сағынышын Instagram-дағы парақшасында жазған.
"Әкем... Жүрегімнің ішіндегі жүрегім.
Сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын.
Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз…", — деп жазды ол.
Сонымен бірге Сағина әкесімен түскен отбасылық суретін жүктеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз