Қазақстан полициясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Игорь Лепеха жаңа жылдық мерекелерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Оның айтуынша, 23 желтоқсаннан бастап полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
"Жеке құрамның саны ұлғайтылды, мемлекеттік және стратегиялық аса маңызды нысандардың қауіпсіздігі күшейтілді. Патрульдік маршруттар қару-жарақ дүкендері мен түзеу мекемелеріне жақын орналастырылды.
Ойын-сауық орындарының жанында қосымша тәртіп жасағы қойылды. Резервтер дайындыққа келтірілді. Азаматтардың заңды және қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық науқандар ұйымдастырылды", — Ішкі істер министрінің орынбасары.
Игорь Лепеха мереке күндері полиция негізгі іс-шаралар өткізілетін орындарда қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ететінін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қауіпсіздігін күшейтетінін атап өтті.
Сондай-ақ жедел штабтардың жұмысы мен жол қозғалысын қадағалау ұйымдастырылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз