Аргентиналық шабуылшы Диего Марадонаның жыртылған футболкасы Matchday Football Auctions аукционында 179 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымның сайтындағы лот сипаттамасына сәйкес, бұл футболканы клубтың киімдерді жууға жинап жүрген қызметкері киім ауыстыратын бөлмеден тауып алған. Ол футболканы қайта қалпына келтіре алмағаннан кейін, естелік ретінде сақтап қойған. Кейінірек оны "Барселона" қызметкерлері жиі баратын бардың иесіне табыстаған. Ал бар иесінің ұлы футболканы аукционға қоюды шешкен.
Марадона бұл футболканы 1984 жылы Испания кубогының финалында "Барселона" сапында Бильбаоның "Атлетик" командасына қарсы ойында (0:1) киген. Матчтан кейін алаңда жаппай төбелес болып, сол кезде футболшының ойын киімі жыртылған.
Бұған дейін Килиманджаро тауында құтқару тікұшағы апатқа ұшырап, бес адамның қаза болғанын жазғанбыз.