Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Асылжан Арыстанбекова Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Әлемнің 1293-ракеткасы А.Арыстанбекова ширек финалда рейтингіде 1103-орындағы марокколық Диае Эль-Жардиге қарсы келді.
Қарсыласының рейтингіде жоғары тұрғанына қарамастан, Асылжан айқын басымдылық танытты. Тіпті бірінші партияда бірде-бір гейм берген жоқ — 6:0. Екінші сетте де қарқынын бәсеңдетпеді — 6:2.
Асылжан Арыстанбекова финалға шығу үшін рейтингіде 1262-сатыдағы румыниялық, 16 жастағы Сара Виктория Баланмен таласады.
Асылжан отандасы Іңкәр Дүйсебаймен бірге жұптық сында да жартылай финалға шықты. Енді қазақстандық дуэт марокколық Диае Эль-Жарди — румыниялық Мария Сара Попаны жеңсе, финалға жолдама алады.