Жәбірленушілер тарапы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша куәгерлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелдіден қайта жауап алу үшін сотқа шақыруды сұрады .

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сот отырысының басында жәбірленуші тарап куәгерлер Эльмира Нұрбекова, Арлан Қазыкенов және Дана Жақсыкелдіні сотқа шақыру туралы өтініш берді.

«Видеожазбадан Нұрбекованың шокта болмағанын көрдік. Сондықтан оны куәлік беруге шақыруды сұраймыз. Оның іске қатысы бар деп есептейміз», – деп түсіндірді жәбірленушілердің адвокаты.

Судья Ержан Жанұзақов куәгерлерді күдікті ретінде қамауға алу туралы шешім болмағандықтан, бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Жәбірленушілердің адвокатының айтуынша, Шерзат Полаттың отбасы денсаулық жағдайына байланысты сотты оларсыз өткізуді сұраған.

«Олардың да жауабы әртүрлі болды, бізге жауап беруге міндетті», – деп қарсылық білдірді сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұман Әбенов.

Бірақ бұл мәселе бойынша судья жауап алу кезінде куәлардан жауап алуға мүмкіндік берілгенін айтты. Сот жәбірленушілерсіз қарауды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

«Сіздің шешіміңізбен келіспеймін, өйткені біз басында жәбірленушілерден жауап алған кезде кейбір материалдар зерттелмеген деп, өзіңіз тоқтатқан едіңіз. Қазір біз оларды зерттедік, көптеген сұрақтар бар», – деді сотталушы Дидар Қалиахметтің адвокаты Баймұханова.