Ақтөбе облысында жүк көлігі мен автобус соқтығысты. 60-қа жуық адам эвакуацяланды. Облыстық ТЖД зардап шеккендер жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы маңында болды.

"Мәскеу – Шымкент" бағытының автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Автобуста Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары болды. Оқиға орнына ТЖД, полиция, жедел жәрдем және басқа да жедел қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен жолаушылар Қарабұтақ ауылындағы "Маяк" кемпингіне эвакуацияланып, оларға қажетті көмек көрсетілді. Зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік тәртіппен хаттама толтырылады. Себебі ешкім жарақат алмады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз