Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.


Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілектерін білдірген.

Сондай-ақ әңгімеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, көршілестік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екені атап өтілген.