Ауа райының күрделі жағдайы сақталып, мұз қататын жаңбыр салдарынан бірқатар рейс кешігіп орындалып жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әуежай аумағында күрделі метеожағдай қалыптасып, мұз қататын жаңбыр жауып жатыр. Осыған орай барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды», делінген хабарламада.
Қону рейстері бойынша 11 рейс кешіктіріліп, 1 рейс (ауа райы жағдайына байланысты) тоқтатылған.
Ұшу рейстері бойынша кешіктірілгені – 4 рейс.
«Кешігудің негізгі себебі – ауа райына байланысты әуе кемелерінің кеш келуі. Жолаушылардан онлайн-табло жаңартуларын, әуекомпаниялардың ақпаратын және терминалдағы хабарландыруларды қадағалауды сұраймыз», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Көлік министрлігі қысқы әуе рейстерінің неліктен жиі кешігетінін түсіндірді.