30 мамырда Астана мен Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары.

Астанада сағат 16:00 мен 20:00 аралығында найзағай күтіледі.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыс желі соғады, күндіз батыста екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыс жел соғады, батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз батыс пен оңтүстікте қатты аптап – 35 градусқа дейін. Солтүстік-батыс, оңтүстік, шығыс және орталық бөліктерде өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында найзағай болады. Солтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік, батыс, оңтүстік пен таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с. Батыс пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары, солтүстіктегі шөлді және таулы аймақтарда — өте жоғары. Шымкентте найзағай, жел екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары. Түркістанда түннің бірінші жартысында найзағай, жел 15-20 м/с, өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында күндіз батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 15-20 м/с. Күндіз аптап ыстық 35-38 градусқа дейін. Өрт қаупі жоғары, ал оңтүстік пен батыста — өте жоғары. Атырауда да жел 15-18 м/с, күндіз 36 градусқа дейін аптап. Өрт қаупі өте жоғары.

Ақмола облысында солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жел соғады, күндіз шығыста 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта, оңтүстікте 15-18 м/с. Оңтүстік пен солтүстікте өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығыс пен батыста — өте жоғары. Ақтөбеде де өрт қаупі жоғары болып қала береді.

Қостанай облысының оңтүстігінде — өте жоғары өрт қаупі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте 15-20 м/с. Түнде солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз шаңды дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары. Ақтауда да жағдай сол қалпында.

Абай облысында түнде оңтүстік-батыста, күндіз шығыс, оңтүстік және орталықта жел 15-20 м/с. Оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз найзағай, түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз оңтүстік пен шығыста 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Түнде жел 15–20 м/с, күндіз де сол шамада. Өрт қаупі өте жоғары, орталық пен солтүстікте — жоғары. Қызылордада күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай, солтүстік пен оңтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, таулы және басқа аймақтарда екпіні 15-20 м/с. Солтүстік пен оңтүстікте — жоғары, батыс пен шығыста — өте жоғары өрт қаупі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыс жел, солтүстік, шығыс пен таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с. Солтүстік пен шығыста өрт қаупі өте жоғары.