Бурятияда кен орнында болған қар көшкіні салдарынан алты адам қаза тапты. Олардың арасында Қазақстан азаматы бар деген ақпарат тарады.
РИА Новости мәліметіне сүйенсек, кеше кешке Муйский ауданында тоғыз жұмысшы технологиялық жолды тазалап жатқан кезде қар көшкіні жүрген. Алты адам қар үйіндісінің астында қалып, қаза тапты, ал үшеуі өз бетінше шыға алған.
Үйінді астынан алты адамның денесі шығарылды.
ТАСС агенттігінің құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандардың бірі Қазақстан азаматы, ал қалғандары Ресей азаматтары.
NUR.KZ тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен оқиғаға қатысты түсінік беруді сұрап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз