Алматы көшелеріне әкімшілік полицияның мото-патрульдері шықты, деп хабарлайды Zakon.kz,


Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальоны құрамына кіретін бұл бөлімше жол-көлік жағдайына жедел әрекет ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын азайту үшін, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде қызмет атқарады.

Мото-патруль құрамында 30 мотоцикл бар.

Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, мото-патруль бөлімшелерінің негізгі міндеті – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

"Мото-патрульдер жол жағдайындағы өзгерістерге жедел әрекет етуге, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, жолын кесуге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар арасындағы тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру", – деді ол.

Мото-патруль экипаждары қаланың ең жүктемесі жоғары көшелері мен жол учаскелерінде қызмет атқарып, тұрақты бақылау мен жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)

Бұған дейін ІІМ жол қозғалысы ережелерін бұзу көбейгеніне байланысты жүргізушілерге үндеу жасаған болатын.