Тараз қаласында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізген жергілікті профилактикалық іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзған Toyota Prado автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлердің мәліметінше, тексеру кезінде көлік тізгіндеген 50 жастағы әйелдің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Арнайы медициналық сараптама қорытындысы оның мас күйінде болғанын растады.
Аталған дерек бойынша сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Бұған дейін ІІМ жол қозғалысы ережелерін бұзу көбейгеніне байланысты жүргізушілерге үндеу жасаған болатын.