Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өткен.
Сондай-ақ екі елдің басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылаған.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырған.
Аталған жиындар мамыр айының соңында Астана қаласында өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз