Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Әлиреза Тангсиридің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тангсиридің өлімі туралы алғашында Израиль қорғаныс министрі хабарлаған. Оның мәліметінше, Тангсири Израиль жасаған әуе соққысының салдарынан мерт болған.

ИРСК бұл ақпаратты растады.

"ИРСК вице-адмиралы шейіт Әлиреза Тангсири агрессорлар шабуылының құрбаны болды, ол алған ауыр жарақатынан қаза тапты", — делінген Иранның мемлекеттік телеарадиоасы хабарлаған мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін израильдік шенеунік Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас портты қаласындағы әскери-теңіз базасына жасалған шабуыл салдарынан Әлиреза Тангсири қаза тапқанын хабарлаған еді.

Израиль шенеунігінің мәліметінше, Әлиреза Тангсири әлемдегі мұнай қорының айтарлықтай бөлігі өтетін әлемдегі ең маңызды теңіз жолдарының бірі – Ормуз бұғазын жабуға жауапты болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз