Қазақ әншісі Абай Бегейдің сегізінші сәбиі дүниеге келді. Әнші перзентханадан сурет жүктеп, халыққа қуанышты жаңалығын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өміріндегі ерекше оқиға туралы Абай Бегей Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның шаңырағында бесінші қыз жарық дүние есігін ашқан.

"Сүйінші! Алланың қалауымен 8-ші рет әке атанып жатырмын! Дүниеге тәп-тәтті бесінші ханшайымым келді", — деп жазды әнші.

Әншінің отбасындағы қуанышты жаңалыққа оқырмандары да үнсіз қалмады. Олар жылы лебізін айтып, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз