"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2026 жылғы мамыр мерекелері кезіндегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-дың жұмыс кестесін жариялады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.
2 және 11 мамыр кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-тар үшін жұмыс күні болып белгіленді. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ал мамандандырылған ХҚКО-тарда:
- өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады;
- дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің мәліметінше, мереке күндерінен өзге уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалыпты жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.
Кезекші бөлімшелердің нақты тізімін:
- gov4c.kz сайтынан;
- ресми Instagram парақшасынан;
- 1414 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.