Тергеу аяқталу сатысында.


Сенат кулуарында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы алынғанын мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері аяқталуға жақын. Іс аясында тағайындалған сот-психиатриялық сараптаманың нәтижелері алынған.

"Айыпталушы заң алдында есі дұрыс адам ретінде жауап береді. Тергеу аяқталу сатысында", – деді ол.

Бұған дейін Шымкентте болған оқиғаға қатысты күдіктінің психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.


Оқи отырыңыз: Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық орталыққа жатқызылды. Марқұмның жақындары тексеріс талап етті