Алматыда үш автобус маршрутының қозғалыс бағытына өзгеріс енгізіледі. Алдағы жұма күнінен бастап олар екі көшеге кірмейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұл туралы 2026 жылғы 30 сәуірде Алматы көлік холдингі мәлімдеді:

"1 мамырдан бастап №27, №118, №137 маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі. Енді автобустар жаңартылған қозғалыс сызбасы бойынша жүреді: Төле би көшесі – Алатау даңғылы – әрі қарай маршрут бойынша, Жүнісов және Кенжетаев көшелеріне кірмейді".

№27 маршруттың жаңа қозғалыс сызбасы

№118 маршруттың жаңа қозғалыс сызбасы

Алматыда 1 мамырдан бастап танымал үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді, сурет — Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 18:14

№137 маршруттың жаңа қозғалыс сызбасы

Алматыда 1 мамырдан бастап танымал үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді, сурет — Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 18:14

Бұған дейін Әл-Фараби даңғылындағы Zeekr қатысқан ЖКО бойынша тергеудің қашан аяқталатыны белгілі болғанын жазғанбыз.