Оқиға барысында 2 жасөспірім пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, "адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Жанжалға қатысқандар анықталып, полицияға жеткізілген. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
Тергеу барысы ІІМ мен Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.