Төлеби ауданы Ақмешіт ауылының туристік аймағында жауын-шашынның көп түсуінен Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша қолдан жасалған көпір шайылып кетті. Сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткел зақымданды.
"Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге 11 адам, оның ішінде 7 бала көшірілді. Демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала эвакуацияланды.
Уақытша өткел ұйымдастыру үшін арнайы техника жұмылдырылды. Барлық азаматқа медициналық көмек қажет болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ", — дейді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.
Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, "Қазселденқорғау", полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмысын жалғастыруда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз