Түркістан облысында су деңгейінің көтерілуіне байланысты 81 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістан облысы Төлеби ауданында мол жауын-шашын салдарынан Ақмешіт өзеніндегі су деңгейі көтерілген.
Күшті ағын екі уақытша көпірді шайып кеткен, сондай-ақ Екпінді аумағындағы өткелге зақым келген.
Ақмола облысында көпірді су шайып кетті
ТЖМ құтқарушылары Екпінді ауылынан 11 адамды, оның ішінде 7 баланы, ал демалыс аймағынан 70 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі бір метрге дейін көтерілді
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмысын жалғастырып жатыр.