Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен триатлоннан Азия Кубогінде Қазақстан құрамасы айтарлықтай табысқа жетті. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы бәсекеде отандастарымыз 4 медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Ересектер арасында алматылық Дарын Қонысбаев екінші болып келіп, күміс жүлдегер атанды. Ал жасөспірімдер арасында Астана мен Шымкент спортшылары үздік шықты:

  • Рамазан Айнегов (Астана) – алтын;
  • Алуа Нұрмұхамбет (Астана) – алтын;
  • Калерия Шнейдер (Шымкент) – күміс.

Жарыстың ең маңызды сәті – Рамазан Айнеговтың Дакарда өтетін 2026 жылғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына жолдама иеленуі болды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы триатлоннан Гонконгта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді.