Астанада LRT жобасының екінші кезеңі аясында Қосшы бағытында құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды City Transportation Systems-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
CTS компаниясының Instagram-дағы аккаунтындағы мәлімет бойынша, Астана мен Қосшыны жалғайтын желінің алғашқы тірегі құйылған.
Сонымен қатар Астана қаласындағы бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалған.
"Қосшы қаласы бағыты бойынша барлығы 300-ден астам тірек тұрғызу, 538 темірбетонды құрастырмалы эстакадалық арқалықты, сондай-ақ сегіз монолитті арқалықты монтаждау көзделген.
Жобаны іске асыру елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз