Мақтаарал ауданында білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағытта, Ауыл партиясының Мақтаарал ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы аудандық білім бөліміне қарасты М.Ғабдулин атындағы №52 және №50 «Үлгілі» жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық ұжымдарымен кездесті.

Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру және ұстаздардың қоғамдағы рөлі кеңінен талқыланды. Мұғалімдер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қазіргі білім саласындағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді ортаға салды.

Іс-шара барысында жас ұрпақтың сапалы білім алуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар Ауыл партиясының 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұл – ұстаз еңбегіне көрсетілген құрмет пен жоғары бағаның айқын көрінісі.

Бексұлтан Абзал Ермаханұлы білім саласының қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың еңбегі ел болашағын қалыптастырудағы маңызды миссия екенін атап өтті. Сондай-ақ, барша ұстаздарға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және шәкірт тәрбиелеуде үлкен табандылық тіледі.

Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!