Жаңа фильм әйелдер арасында танымал.


"Дьявол носит Prada 2" кинотеатрларда жоғары нәтиже көрсетіп, алғашқы демалыс күндері АҚШ пен Канадада 77 млн доллар, ал халықаралық нарықта 156,6 млн доллар жинады. Осылайша фильм әлемдік прокатта бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Associated Press.

Көрермендердің басым бөлігі әйелдер – 76%. Олардың 74%-ы фильмді достарына ұсынатынын айтқан.

Фильмнің бюджеті 100 млн долларды құрайды, бұл 2006 жылы шыққан алғашқы бөлімнен үш есе көп. Айта кетейік, бірінші фильм әлемдік прокатта 326 млн доллардан астам табыс тауып, мәдени феноменге айналған еді. Ал "Майкл" өмірбаяндық фильмі екінші демалысында 54 млн доллар жинап, екінші орынға тұрақтады. Оның жалпы әлемдік табысы 423,9 млн долларға жетті.

Сарапшылардың айтуынша, осы демалыс күндері Голливудтың жазғы кино маусымы ресми түрде басталды.

Comscore дерегіне сәйкес, жыл басынан бері АҚШ-тағы жалпы кассалық табыс өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға өсіп, шамамен 2,8 млрд долларды құраған.