Риддерде жылу инфрақұрылымын жаңарту жоспары бекітілді.


Қазақстан Республикасы Үкіметі Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының жылу желілері мен жылу электр орталығы жабдықтарын жөндеуге шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

Бөлінген қаражат қаланың жылумен қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігін арттыруға және инфрақұрылымды 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға бағытталады.

Үкімет мәліметінше, қаржы жылу желілеріндегі тозығы жеткен 12 учаскені жөндеуге, сонымен қатар Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға жұмсалады.


Оқи отырыңыз: Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды


Өткен жылыту маусымында кейбір учаскелерде ақаулар мен тозу белгілері анықталған болатын. Осыған байланысты жүйені кезең-кезеңімен жаңарту қажеттілігі туындаған.