ҰОС ардагерлеріне ірі көлемде біржолғы төлем жасалды.


Астанада 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге дәстүрлі біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қалалық мәслихаттың қаулысына сәйкес, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде төлем жасалған.

Сонымен қатар басқа санаттағы азаматтарға да әлеуметтік көмек көрсетілді:

  • ҰОС-қа теңестірілген ардагерлер (476 адам) – 45 АЕК (194 625 теңге);
  • басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (1167 адам) – 45 АЕК;
  • тыл еңбеккерлері мен өзге де санаттағы азаматтар (1753 адам) – 15 АЕК (64 875 теңге).

Жалпы алғанда, қала бойынша 3398 адамға біржолғы төлем берілген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның бірнеше өңірінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалмаған


Бұдан бөлек, ардагерлерге жергілікті бюджет есебінен бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Олардың қатарында коммуналдық қызметтерге ай сайынғы төлемдер, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүру және санаторлық-курорттық емделу бар.