Елордададағы Айтматов көшесінде эвакуатор аялдамаға соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұнымен қоса, көлік жаяу жүргіншілер аймағына кіріп кеткен. Бұл туралы Qazaqstan.tv жазды.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол келтірілген шығынды өтейді", – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ақпарат. Qazaqstan TV (@qazaqstan_aqparat)
Бұған дейін Қарағандыда теміржол қызметкерін пойыз қағып кеткенін жазғанбыз.