Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Өскемендегі "Казцинк" ЖШС кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр. Бір науқасты ауруханаға "Казцинк" қызметкерлері жеткізсе, тағы біріне медициналық көмек оқиға орнында көрсетілуде.
Қалған зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр, дәрігерлер қажетті көмекті көрсетуде.
"Құрылымдарды бөлшектеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау орталығының базасында жедел штаб құрылды", – делінген министрлік хабарламасында.