АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иранның ресми өкілдері әлеуметтік желілерде өзара "UNO ойынын" еске салатын жазбалармен алмасты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Алдымен ойынды АҚШ президенті бастады. 3 мамыр күні ол өзінің Truth Social платформасындағы парақшасында UNO карталары бейнеленген сурет жариялап, өзінің жиі айтатын "барлық карта менің қолымда" деген сөзін еске салды.

Иран тарапы да жауапты ұзақ күттірмеді. Мәселен, Иранның Хайдарабадтағы бас консулдығының ресми аккаунты жауап ретінде жазба жариялады.

"Иә, бізде карта аз", – деп жазылған суретте ирандық әскери күлімсіреп, осы ойынның карталарын ұстап тұрғаны көрсетілген.

Yes, we have less cards