Қазіргі таңда ЖИ тек IT мамандарына ғана емес, мұғалім, кәсіпкер, журналист, студент сияқты кез келген адамға қолжетімді құралға айналды. Оның үстіне, көптеген ЖИ жүйелері тегін әрі онлайн жұмыс істейді.
Бұл мақалада қолжетімді әрі тиімді қолдануға болатын танымал тегін ЖИ платформаларын ұсынамыз және олардың мүмкіндіктерін қалай барынша дұрыс пайдалануға болатынын түсіндіреміз.
- ChatGPT (OpenAI)
- Мақсаты: мәтін жазу, сұрақтарға жауап беру, идея ұсыну, мазмұн талдау.
- Тегін нұсқасы: ChatGPT 3.5 нұсқасы openai.com және мобильді қосымша арқылы тегін қолжетімді.
- Сілтеме: https://chat.openai.com
- Қалай пайдалануға болады:
- Тақырыптық эссе жазуға көмек;
- Резюме немесе хат үлгісін дайындау;
- Жоспар, сценарий, идея генерациялау;
- Қарапайым кодтау және аударма сұраныстары.
- Copilot
- Мақсаты: интернеттегі нақты ақпаратпен жұмыс істеу.
- Тегін нұсқасы: Microsoft Edge браузері арқылы қолжетімді.
- Сілтеме: https://copilot.com
- Қолданыс:
- Жаңалықтар мен деректерді нақты уақыт режимінде табу;
- Сілтемесімен бірге жауап алу;
- Талдау, салыстыру, дәйексөздермен мазмұн шығару.
- Google Gemini (бұрынғы Bard)
- Мақсаты: мәтіндік және визуалды сұраныстармен жұмыс.
- Тегін нұсқасы:google.com сайтында тіркелмей қолдануға болады.
- Сілтеме: https://gemini.google.com
- Артықшылықтары:
- Google іздеу жүйесімен тікелей байланысқан;
- Мәтін мен суретті қатар талдай алады;
- Суреттерді сипаттап, түсіндіріп береді.
- Poe (Quora)
- Мақсаты: бірнеше ЖИ модельдерін бір жерден қолдану.
- Тегін нұсқасы:com сайты арқылы қол жетімді.
- Сілтеме: https://poe.com
- Қолдануға болатын модельдер: ChatGPT, Claude, Gemini (кейбіреуі шектеулі).
- Қолдану ерекшелігі: сұрақты бірден бірнеше ЖИ-ге беріп, жауапты салыстыру мүмкіндігі.
- Canva AI
- Мақсаты: дизайн мен графика жасау.
- Тегін нұсқасы:com сайтында тіркелу арқылы қолжетімді.
- Сілтеме: https://canva.com
- Мүмкіндіктері:
- Жазбадан автоматты түрде постер, презентация жасау;
- Сурет генерациясы (Text to Image);
- ЖИ көмегімен мәтінді өңдеу (Magic Write).
- Leonardo AI, Playground AI, CivitAI
- Мақсаты: бейнелеу мен көркем сурет генерациясы.
- Тегін нұсқалары: күнделікті лимитпен берілген сұраныс арқылы пайдалануға болады.
- Сілтемелер:
- https://leonardo.ai
- https://playgroundai.com
- https://civitai.com
- Қолданыс:
- Сурет генерациялау (аватар, постер, көркем иллюстрация);
- Стиль таңдаумен сурет салу;
- Коммерциялық емес жобаларға шабыт табу.
- Grammarly, DeepL, Quillbot
- Мақсаты: мәтінді өңдеу, аудару, редакциялау.
- Сілтемелер:
- https://grammarly.com
- https://deepl.com
- https://quillbot.com
- Қолданыс:
- Ағылшын тіліндегі грамматика тексеру;
- Сөйлем құрылымын жақсарту;
- Мәтінді парафраза жасау (қайта жазу);
- Кәсіби стильде жазуға бейімдеу.
- Notion AI
- Мақсаты: жұмыс процесін автоматтандыру, жазбалар мен жоспар құру.
- Сілтеме: https://notion.so/product/ai
- Қолданыс:
- Ескертпе, күнтізбе жазу;
- Командалық жұмысқа арналған қысқа мәтіндер;
- Құжат құруда көмек.
ЖИ құралдарын тиімді пайдалану үшін кеңестер:
- Нақты, қысқа әрі түсінікті сұрақ қойыңыз;
- Қай тілде жауап алғыңыз келсе, сол тілде жазыңыз;
- Бірнеше рет сұранысты түрлендіріп көріңіз (айтылымды өзгерту, нақтылау);
- Құпия ақпаратты енгізбеңіз;
- Мәтіннің барлығын тексеріп, адам ретінде редакциялауды ұмытпаңыз.
Жасанды интеллект құралдары бүгінде шығармашылық, білім, жұмыс және жеке өмір салаларында көмекші құралға айналды. Ең бастысы — дұрыс қолдану мен жауапкершілікпен пайдалану. Төмендегі құралдардың барлығының тегін нұсқасы бар, ал мүмкіндіктері күн санап артып келеді. Бұл технологиялардан шет қалмай, оларды күнделікті жұмысқа бейімдеген жөн.