Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness .kz сайты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күніне орай Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы жеделхатта Астана мен Загреб арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ол Қазақстан мен Хорватия арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген серіктестіктің алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Президентіне мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, хорват халқына бейбіт өмір мен береке-бірлік тіледі.