ТЖМ «Баланың амандығы — мемлекеттің маңызды міндеті» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

Орталық мемлекеттік органдардың, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілдері, сондай-ақ елордалық мектептердің оқушылары балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.

Дөңгелек үстелде ТЖМ «Қауіпсіздік отбасыңнан басталады» республикалық челленджінің іске қосылуын таныстырды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің қызметі басты назарда болатын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуге бағытталған шаралар кешені тұрақты негізде жүргізіледі.

Ол үшін әр өңірде тұрақты негізде үгіт-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Ата-аналармен де, тікелей балалармен де жұмыс жүргізілуде. Мектепке дейінгі мекемелер қамтылған. Жұмыс жазғы кезеңде де тоқтамайды.

Сонымен қатар, ТЖМ балаларды қорғау күнін ауқымды мерекелеудің республикалық онкүндігіне қатысты. Іс-шаралар 29 мамырда «Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда» қамқорлығымен өтті.