Қазақстанда мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда:
- Атырау МӨЗ — 85%-дан 88%-ға дейін;
- Шымкент МӨЗ — 86%-дан 88%-ға дейін;
- Павлодар мұнай-химия зауыты — 91%-дан 94%-ға дейін.
Көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70-79%-дан 75-81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ Павлодар МХЗ-де битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді.
2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді:
- автобензиндер — 5,7 млн тонна (107%);
- дизель отыны — 6,1 млн тонна (116%).
Мұнай өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін одан әрі арттыру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және олардың қуаттарын кеңейту есебінен жоспарланып отыр.