Ол қаладағы колледж жатаханасының бірінде жан тапсырған.
Марқұмның ата-анасы 16 жастағы ұлын жоғары курс студенттері түн ішінде жабылып өлтіріп, мәйітін жасырмақ болғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
8 мамыр күні полиция марқұмның денесін жатақханадан алып кеткен. Алдын ала дерек бойынша, жоғарғы курс студенттері кішілерін жатақхананың фитнес залына апарып әбден азаптаған болуы мүмкін.
– Олар жедел жәрдемді уақытында шақырмаған. Мүмкін шақырғанда үлгеріп қалар ма еді!? Олар баланы алып шығып, өзінің бөлмесіне апарған. Одан вахтаға түсірген дейді, – дейді қайтыс болған баланың әкесі.
Марқұмның туыстары жатақханада тәртіптің жоқ екенін, әлімжеттіктің жиі болатынын енді ғана естіген.
– Жертөледен екінші қабаттағы бөлмесіне алып бара жатқан кезде біреу көріп шыңғырған. Қанмен сүйреп алып бара жатқан. Сосын оны көріп бөлмесіне тығып қойған. Ақпан айында бір бала осылай өлген. Ол өлгенде кешірім берген де, сонымен жауып тастаған, – дейді марқұмның әпкесі.
Қазіргі уақытта қанды оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған. Десе де, жан тапсырған жасөспірімнің туған-туыстары оны ұрып-соққан өзге балалар мен қауіпсіздікке салғырт қараған қызметкерлер де заңмен жазалануын талап етеді.