Бүгін, 13 мамырда Қытайдың Сяси қаласында ескек есу слаломынан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Аталған байрақты бәсекеде ел намысын төменде көрсетілген спортшылар қорғайды.

Каноэ слалом

  • Қуаныш Еренғаипов
  • Александр Куликов
  • Тимур Рынк
  • Алуа Мәулетқан
  • Анастасия Ананьева
  • Влада Тараданова
  • Есеня Королева

Каяк-кросс

  • Иманғали Мәмбетов
  • Владислав Рябко
  • Александр Коробов
  • Екатерина Таранцева

Айта кетейік, сары құрлық біріншілігі 16 мамырға дейін жалғасады.