Бұл туралы ABC News хабарлады.
Жуырда анықталған астероид Жерге шамамен 90 мың шақырым қашықтыққа дейін жақындайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Inform.kz жазуынша, нысан Жер мен Ай арақашықтығының шамамен төрттен бір бөлігіне тең қашықтықтан өтеді. Астероидты бірнеше күн бұрын бірден бірнеше обсерваторияның астрономдары байқаған. Олардың қатарында Канзас штатындағы Фарпойнт обсерваториясы мен Аризонадағы Маунт-Леммон обсерваториясы бар.
NASA жанындағы Реактивті қозғалыс зертханасының есептеулеріне сәйкес, аспан денесінің өлшемі 15-тен 30 метрге дейін болуы мүмкін. Қазіргі уақытта мамандар оның орбитасы мен физикалық сипаттамаларын нақтылап жатыр.
Әзірге астероид бірнеше күн ішінде небәрі 24 рет қана бақыланғандықтан, оның траекториясы әлі де түзетіліп жатыр. Соған қарамастан қазіргі есептеулер Жермен соқтығысу қаупі жоқ екенін көрсетеді.
Нысан Жерге жақын "Аполлон" класына жататын астероидтар қатарына кіреді. NASA мәліметінше, мұндай аспан денелері Күнді айнала қозғалатын Жер орбитасымен қиылысатын орбита бойымен қозғалады.