Щучинскте сүт зауыты мен ірі тауарлы ферма салу көзделіп отыр.


Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі жоба аясында Германиядан асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Burabay Milk Бурабай ауданында 1440 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасын салуды қолға алған. Сонымен қатар Щучинск қаласында сүт зауытын ашу жоспарланып отыр.

Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдігі, жеке инвесторлар және KOKSHE әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бірлескен қаржыландыруымен жүзеге асырылуда.

Жоба аясында жалпы 330 бас асыл тұқымды мал әкелу көзделген. Қазіргі уақытта Германиядан 165 бас голштин тұқымды қашардың алғашқы партиясы арнайы әуе рейсімен жеткізілді.

Қазір мал карантиндік бақылаудан өтіп, жаңа жағдайға бейімделуде. Алдағы бір ай ішінде ветеринариялық мамандар кешенді зерттеулер жүргізіп, аса қауіпті ауруларға тексеру жасайды.

Облыстық және аудандық ветеринариялық қызметтердің қатысуымен асыл тұқымды мал басын толықтыру жұмыстары жалғасады.