Бөлімдер
Негізгі

Шерзат ісін қарайтын судьяға сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы шағым түсірді

Шерзат ісін қарайтын судьяға сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы шағым түсірді

Бүгін, 28 мамырла Шерзат Болаттың ісі бойынша кезекті сот отырысында сотталушы Абазл Шынасылдың қорғаушысы судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, күннің бірінші жартысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.

“Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді.

Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды”, — делінген хабарламада.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі өкілдері сот процесінің нақты басталу уақыты туралы қосымша хабарлайтынын мәлім етті.

Шерзат Болаттың қазасы

  • Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы: онлайн-трансляция
  • “Уақыт сәл созылып кеткен”: сот-медициналық сарапшы Шерзат Болатты аман алып қалу мүмкіндігі туралы айтты

Тақырып бойынша