Бөлімдер
Трендтер

Екі ел президенті жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысты

Екі ел президенті жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысты

Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.