Бөлімдер
Шұғыл

Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасады

Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасады
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековаға тосынсый жасап, ерекше түсті iPhone 18 сыйлады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Актриса осы сыйлық арқылы оның қандай реакция танытатынын да көргісі келген.

«Бүгінде жаңадан бургунди түсті iPhone 18 шығып жатыр. Міне, қолымда тұр. Бұл сыйлық – анамызға! Анамыз білмейді. Реакциясын бірге көреміз», – деді Қайрат Нұртастың жары.

Тосынсыйын табыстауға қара шаңыраққа кірген келін теледидар көріп отырған қайын енесі түртіп, селк еткізді. Кәдесыйы бар екенін айтқанда, оның не екенін Гүлзира Айдарбекова бірден тапты.

«Тұла бойым тұңғышымның сүйіктісі, менің алғашқы қуанышым – келінімнен сыйлық. Құрбыларымның арасында бірінші болып iPhone 18-ді мен ұстадым», – деп ризашылық білдірді Қайрат Нұртастың анасы.

Актриса енесіне телефонды игілігіне ұстауға, тек қана жақсы хабарламалардың келуіне тілектестік білдірді.

Мұның алдында Жұлдыз бен мен Қайрат бір-біріне тіреу болуға келіскендеріп айтып, жақсы жаңалығын бөліскен еді.

Дереккөз: Курсив · Шадияр Өстемір