Бөлімдер
Пікір

Жұмабек Жанықұлов қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Жұмабек Жанықұлов қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жұмабек Жанықұлов Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Жеке өзімнің атымнан Халық Кеңесі мүшесі ретінде 50 млн теңге қаражат бөлуге дайын екенімді және ешқандай қаражат ешкімнің жанын қайта толтыра алмайтыны анық", – деп жазды Жұмабек Жанықұлов.

Ол қаза болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қаза болған Әскер Батырларымыздың әке-шеше, жақын туыстарына көңіл айтамын. Лайым мұндай қайғылы оқиғалар болмаса деп тілеймін!" – деді ол.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай