Бөлімдер
Пікір

Каспийдегі қайғылы оқиға: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, күдіктілер анықталды

Каспийдегі қайғылы оқиға: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды, күдіктілер анықталды

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы ресим арнасында хабарланғандай, оқиға орны тексеріліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген. 12 сараптама тағайындалған.

"Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды.

Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды", – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева