Ақтау қаласында Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына әкеп соққан төтенше жағдайдың себептерін тергеу және салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссияның отырысы өтті.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Үкіметтік комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа Каспийдегі төтенше жағдайды тергеу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігі.
Оның айтуынша, әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Бүгінгі таңда қылмыстық іс аясында бес лауазымды тұлғаның күдікті ретіндегі мәртебесі процессуалдық тұрғыда рәсімделіп, олар Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Олардың қатарында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі және катер командирі бар. Тергеу және процессуалдық шаралар толық көлемде жалғасып жатыр, қажетті сараптамалар жүргізілуде.
Тергеу барысында барлық қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне қатаң құқықтық баға беріліп, күдіктілердің толық құрамы түпкілікті анықталады", — деді Санжар Әділов.
Свежая публикация по теме:
Каспийде "қаза тапқан" сарбаздың видеосы: курсанттың әкесі қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)
Бүгін, 22:36
Отырысты қорытындылай келе, Үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев мемлекет қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету жөніндегі барлық міндеттемені толық көлемде өз мойнына алатынын атап өтті. Заңда көзделген кепілді төлемдер кідіріссіз жүзеге асырылады. Әр отбасыға тұрақты түрде атаулы қолдау көрсету үшін жауапты мамандар бекітіледі.
Сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелеріне, Құрылтай депутаттарына, саяси партияларға, кәсіпкерлерге, меценаттарға және барлық жанашыр азаматтарға көрсеткен ынтымақтастығы үшін алғыс айтылды. Азаматтық бастаманың арқасында арнайы қорға қажетті қаражат жинақталды. Осыған байланысты қаражат жинау жұмысы аяқталды деп жарияланды.
Қор қаражатын отбасыларға және зардап шеккендерге ашық, атаулы әрі әділ бөлу мақсатында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды.
Құқық қорғау және мемлекеттік органдарға қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатаң бақылау орнату тапсырылды.
Тергеу барысы мен жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтік комиссияның бақылауында.
Каспийдегі қайғылы оқиға
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: министрлік тірі қалған үшінші әскери қызметші туралы айтты
Бүгін, 22:04
-
Каспийдегі трагедия: әлем көшбасшылары қазақ еліне көңіл айтты
Бүгін, 21:19
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай




