Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу-жаттығу барысында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасына барды. Министр қаза болғандардың туған-туысы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство таратқан релизде министр жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысын ешбір сөзбен жеңілдету мүмкін емес екенін атап өткені жазылған.
"Олар біз үшін жай ғана әскери қызметшілер емес – біздің қаруластарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы – барша Қарулы күштер үшін орны толмас ауыр қаза. Біз туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде олармен бірге боламыз", – деді қорғаныс министрі.
Министр зардап шеккендердің отбасына қорғаныс министрлігі оларды жалғыз қалдырмайтынына сендірді.
"Оларға жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетіледі. Ведомство туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесуді жалғастырып, отбасылармен тұрақты байланыста болады.
Қаза болған әскери қызметшілердің есімі туған-туыстары мен жақындарының, қаруластарының және барша Қарулы күштер жеке құрамының жүрегінде мәңгі сақталады. Олардың өмірі мен әскери борышына деген адалдығы ешқашан ұмытылмайды", – делінген министрлік хабарламасында.
Каспийдегі қайғылы оқиға
-
Каспийде "қаза тапқан" сарбаздың видеосы: курсанттың әкесі қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)
Кеше, 22:36
-
Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін лауазымды тұлғалар ұсталды: Бозымбаев ІІМ есебін тыңдады
Кеше, 22:19
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай




